Әспет Бекмұрзаева – бестселлерге айналған «Дзенді шап беріп ұста! Үйлесім мен бақытқа қарай 9 қадам – өзін іздейтіндердің баршасы үшін» кітабының авторы.Ең қызықты сәттерін бөлісейік.
– Әспет, кітап туралы идеяңыз қалай пайда болды?
– Мен бір ерекше сезім құшағында болдым, талай жылдар бойы шыңдаған білімім де бар. Сондықтан бұл кітапты жазбауым мүмкін емес еді. Мен табысты шебер атандым, ал ZEN мектебі мінсіз беделге ие болды. Шәкірттерім тек кәсіби дағдылар туралы ғана емес, өздерін қызықтыратын басқа да сұрақтарды қойды. Ал менің оларға айтарым бар еді әрі олармен бөлісетінім де көп болды. Бұл – бір кесе шай үстіндегі әңгіме емес, сәтті жұмыс істейтін нағыз өмір философиясы. Кітап менің өмір-саяхатымның қисынды жалғасы іспетті. «Массаж шебері – ZEN мектебі» – осының бәріне қалай қол жеткізгенім туралы кітап.
– Бұл кітап кімдерге арналған?
– Көбінесе әйелдер аудиториясына. Соның ішінде, мен сияқты қыздарға да. Қолайлы жағдайда туындамаса да, бұл олардың өмірден өздеріне керектісін алуларына кедергі жасамайды. Жылдар бойы ойлануға уақыт кетірмей, идея пайда болған кезде бәрін дереу қолға алатын жандар үшін. Жетістікке жеткісі келетін, бірақ әлі де қандай іс-әрекет жасау қажет екендігін білмейтіндерге.
– Оны неге анаңызға арнадыңыз?
– Мен өзімді self-made әйелмін деп есептеймін. Дегенмен жанымдағы жанашыр адамдар болмаса, бүгінгі жетістігіме ешқашан жете алмас едім. Әр адам біздің дамуымызға өз үлесін қосатыны анық. Анамның маған көптеген мүмкіндіктің қолжетімді екендігін көрсете білгендігі – мен үшін өлшеусіз бақыт. Анам – өз өмірімдегі басты тұлға, ең жақын жан.
Әкеммен ажырасып, үш баласын жалғыз өзі бағуға мәжбүр болған кезде де ол өзін бір сәтке де жоғалтқан жоқ. Менің өмірімде де анам өшпес із қалдырды, қатты әсер етті. Және қалдырған ізі, ол өмірде жоқ болса да, жалғасып жатыр.
Менің кітабым тек анама ғана емес, ағам мен әпкеме де арналған. Олардың мені қолдауы мен маған деген сүйіспеншілігі тағдырымның кез келген жолында көмектесетіні сөзсіз.
– Кітапта сіз жетістікке жетудің 9 қадамын сипаттапсыз. Қалай ойлайсыз, олар жұрттың барлығына қатысты ма, әлде тек сіздің студенттеріңіз үшін пайдалы ма?
– Барлығына, әрине! Иә, мен мысалдарды өз өмірімнің контекстінде сипаттаймын. Массаждың көптеген бағыты бар. Дегенмен кітаптағы қадамдар – толығымен әмбебап. Оны оқыңыз және осы тәжірибені кез келген басқа да мүмкіндікте қолданыңыз. Ол 5+ деңгейінде жұмыс істейді. Мен оған сенімдімін.
– Бұл кітап сіздің өзіңізге қалай әсер етті?
– Кітап өте пайдалы болып шықты. Егер сіз оны мұқият оқып шығып, өз өміріңіздің контекстінде қолданатын болсаңыз, ол сізге жағымды әсер ететініне сенімдімін. Мұның өзі психотерапия сеансы сияқты. Содан кейін: «Бұл мүмкін болды ма?» деген ішкі сұрақ туындайды. Сондықтан ол маған өте ыстық. Жеңіл оқылады, бірақ ұмытылмас әсер қалдырады. Мен оны жан-жақты және ойша қайта-қайта талқылап жүрмін.
Кей кезде не жайында жазарымды білмей тұрғанда да менде өзімді тізгіндеп тежеу, үзіліс жасау немесе тоқтау болған жоқ. Мен ойымды лезде жинақтай білдім. Ол мені логикалық түрде жалғастырды, мен оны өз жан-жүрегімнен толықтай шығардым деуге болады.
– Жоспарыңызда екінші кітап жазу бар ма?
– Кітап – өз жұлдызшасы бар жұмбақ. Ол – Instagram-дағы жазба емес. Оны тек айтарың бар кезде жаза аласың. Әзірше нақты жоспарым жоқ. Бірақ менің өмірім маған түрлі тосынсый мен кілт бұрылыс әкелмей қоймайтынына сенімдімін. Бәлкім, 5-10 жылдан кейін мен де әйелдермен өзіндік даналығымды бөлісермін. Бәлкім, бөліспеспін. Мен ешқандай болжам жасамаймын, бірақ қазір менің екінші кітап жазу жайлы ойым жоқ.
– Оқырмандарыңызға қандай кеңес берер едіңіз?
– Кітабымды сатып алыңыз және оқыңыз! Шынымды айтсам, мен жасаған еңбегімді мақтан тұтамын. Кітабым көптеген қызға өмірдегі өз жолын түсінуге және айқын мақсатын табуға көмектеседі. Егер сіз не қалайтыныңызды білсеңіз, бірақ оған қалай қол жеткізу керектігін білмесеңіз, онда бұл кітап сізге арманыңызға жету жолында міндетті түрде жәрдемдеседі.
«Мен сіздің дзенді шап беріп ұстап алуыңызды тілеймін!»
Әңгімелескен –
Кәрібай Мұсырман,
«Egemen Qazaqstan»