• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Наурыз, 2024

«Ұлыстың ұлы күні» Наурыз-марафоны

132 рет
көрсетілді

Кеше «Қазмедиа орта­лы­ғының» киноконцерт залында «Қазақстан» теле­радиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз-марафоны өтті.

Мерекелік іс-шараға келу­ші­лерге шектеу жоқ. Қала қонақ­тары мен тұрғындары көңілді мерекенің қақ ортасында болып, ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталған марафонды тікелей эфирде де тамашалай алды. Қонақтардың құрметіне әннен шашу шашылып, ұлттық ойын­дар ойнатылды. Сондай-ақ Ұлт­тық спорт күнімен тұспа-тұс келген іс-шара­да қыранды қолға үйретіп, тазы баптаған аңшы-саятшылар да ата­дан мирас болып келе жат­қан ұлттық өнеріміз туралы біл­генімен бөлісті.

Іс-шараға Сенат және Мәжі­ліс депутаттары, мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, зиялы қауым, өнер, мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ісі мен ерлігімен көзге түсіп жүр­ген отандастарымыз қатысты. Ар­найы құрылған Этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, сұх­бат және ұлттық ойындар алаңы ұйымдастырылды. Мәсе­лен, дискуссия алаңында түрлі сала өкілдері, отандық этнограф ғалымдар «Наурызнама», «Ұлт­тық сезім», «Жаңа заманның ада­мы» тақырыптарында ой-пікі­рі­мен бөлісіп, талқылауға қатысты.

Сонымен бірге марафонға ерлік ісімен елдің есінде қал­ған адамдар келді. Мәселен, Алматы облысының Іле ауданында автобус апаты ке­зінде жолаушыларды аман алып қалған 8-сынып оқушысы Ақжол Герой, боранда жолда қалған жүкті әйелге жәр­дем берген Ерейментау аудан­дық Төтенше жағдайларды жою бө­лі­мінің қызметкері Аман­гелді Доскенов, мұз ойылып, суға түсіп кеткен 17 жастағы елорда тұр­ғынын құтқарып қалған Мереке Едресов, 1 500-ге жуық музыкалық аспапты жинап, сақ­тап жүрген қолөнер шебері, музы­катанушы Азамат Бақия, бүркітші, «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын жаңа «Бүркітші қыз» теле­хикаясының кейіпкері Айшол­пан Нұрғайып, алып күш иесі, Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников пен Алматыдағы жер сілкінісі кезін­де операция жасауын тоқ­тат­паған Кар­­дио­логия және ішкі аурулар ғы­лыми зерттеу институтының хи­рургі Ахыт Бағдат тікелей эфирге шықты. Марафон қа­ты­­су­шылары бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы оннан астам этнос өкілі тұратын Интернационал-3 ауылындағы Наурыз тойына куә болды.

Ұрпақ сабақтастығын жаң­ғыртып, ұлттық өнерді ұлықтауға арналған мара­фонның маңызы – ұлттық ойындар сайысы, айтыс, күй тартысы мен ұлттық киімдердің сән үлгісін көрсеткен концерттік бағдарлама арқылы қазақ халқына тән ұлттық ерекшеліктерді паш етіп, болмысымызды танытуға септігін тигізу.