• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Дін 05 Сәуір, 2024

Қадір түні ұйықтамау шарт па?

948 рет
көрсетілді

Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айша анамыз: «(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], деп айтқан.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], деген.

Сондықтан барша мұсылман Қадір түнін құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырса құба-құп.

 

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды

[1] Имам Нәсәи, №2347.

[2] Ибн Мәжә, №1649.