• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2024

Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды

86 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге біржолғы төлем аударылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Облыста су тасқыны кезеңі басталғалы бері 3 700-ге жуық тұрғын эвакуациялық орталықтарға жеткізілді, олардың 2 700-ге жуығы өз үйлеріне оралды.

«Қазір облыс тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстар шеңберінде 581 тұрғын үйдің 236-сына техникалық тексеру жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге бірреттік төлем берілді», дейді вице-премьер.

Вице-премьер алдағы уақытта төлемдер жалғасатынын айтты.

Осы орайда Нұрлан Байбазаров су тасқынының екінші кезеңі тұрғындарға қиындық туғызбау қажет екенін айтты.