• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2024

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер атап өтіледі

150 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, тізім төменде көрсетілген мерекелермен толықтырылды:   Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір; Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр; Ветеринарлар күні – 10 шілде; Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі; Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан; Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні - 18 қараша.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.