• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2024

СҚО-да 219 елді мекен су астында қалуы мүмкін

123 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңірдегі су тасқынына байланысты жағдай күрделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, облыстағы күрделі жағдайды тұрақтандыру мақсатында кеше, 8 сәуір күні Қорғаныс министрлігінен қосымша 313 әскери қызметші жұмылдырылды. «Сергеев су қоймасының сыйымдылығы 182%-ға жетті. Есіл өзенінің жағалауында кептеліс жоқ. Су қоймасына аққан су 425 сантиметрді құрады. Сондықтан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп тұр», деді әкім орынбасары.

Оның айтуынша, жағдай бақылауға алынды. Бірақ 220-ға жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін.

«Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. Қазірдің өзінде 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. Тағы 111 үйдің маңын су басты», деп түсіндірді Қанат Дүзелбаев.  Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде Тайынша ауданында өтемақы төлеуге өтініштер қабылдана бастады.