• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2024

ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді

102 рет
көрсетілді

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өз сөзінде түркі халқы қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсету үшін бірігуге дайын екенін жеткізді.

«Құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын-қыстау күндерді өткеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсті. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді. Қайғыларыңызды бөлісуге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда», делінген Сұлтан Раевтың хабарламасында.