• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дін 10 Сәуір, 2024

Ораза айт мейрамында қандай амалдар орындалады?

498 рет
көрсетілді

Ораза айт — Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, барша мұсылманның маңызды діни мерекесі, исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Бұл күні ораза ұстауға тыйым салынған. Олай болса ораза айтты дұрыс өткізу үшін қандай амалдарды орындау керек? Бұл туралы Egemen.kz материалынан оқи аласыздар.

Айта кетсек, Рамазан айының уақыты айдың фазалық өзгеруіне байланысты айқындалады, сондықтан мерекенің нақты күні жоқ. Биыл ораза айт бүгін, 10 сәуірде басталды.

Ораза айтының тарихы қандай?

Рамазан айында әр мұсылманның ораза ұстауы парыз. Отыз күн ораза ұстаған адам жаман әдеттерден тиылып, нәпсісіне шектеу қояды. Дәлірек айтқанда, күнделікті ішіп-жеу, ысырап, бос сөз сөйлеу сияқты жағымсыз әдеттерден арылады. Ал Ораза айт - Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын мейрам. Бұл күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті күн.

Ораза айт - кешірім мен мейірімділік мерекесі. Мейрам басталар алдында, яғни ораза ұстау кезінде адамдар жаман ойлардан арылып, жан дүниесін рухани тазртуы қажет. Бұл Ораза айтына дайындық болып саналады.

Бұл мереке, 624 жылы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шешімімен белгіленді, ислам күнтізбесінің тоғызыншы айында барлық мұсылман үшін қасиетті кітап – Құран және жазбаша Забур, Інжіл, Таурат кітаптары түсті.

Мерекені қалай өткізу керек?

Ораза айт - Рамазаннан кейін келетін Шәууәл айының алғашқы күні. Ол Ид-аль-фитр мерекесі деп аталады. Шындығында, бұл тек бір күндік мереке. Алайда, қалған екі күн де мереке күндері болып есептеледі.

Ораза айтының бірінші күнінде айт намазы оқылуы тиіс. Биыл Ораза айт намазы елорда мешіттерінде таңғы сағат 07:00-де оқылды. Мерекелік уағыздың басталуы әр аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Ислам мемлекеттерінде Ораза айт мерекесі демалыс күні болып есептеледі.

Көне дәстүр бойынша мерекеде мұсылмандар бір-бірімен «Ид Мубарак» деп сәлемдеседі. Мешіттер аумағында арқан тарту, армрестлинг және басқа да спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Ораза айт мерекесін жаңа және таза, әдемі киіммен қарсы алу керек. Бұл күні үйдегі ескі заттарды де жаңартқан жөн, адамның ойы да таза болуы маңызды.

Ораза айт күні мұсылмандар зират басына барып, марқұмдарды еске алады. Мерекеде адамдар ақсақалдарға барып, балаларға, жетім балаларға, жалғызбасты адамдарға, жесірлер мен кедейлерге сыйлық тарту етеді.

Ораза айт күні ауыз бекітіле ме?

Ел арасында Ораза айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген ақпарат тараған. Бірақ Ораза айт күні Рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Десе де айт намазына шығарда тақ санды (1,3,5,7…) құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болып саналады.

 

 

Пітір садақасын қашан беру керек?

Пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса, оны айт намазына дейін беріп үлгеру керек. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып саналады.

Пітір садақасы мұсылмандарға һижра жыл санауы бойынша екінші жылы шағбан айында парыз болды. Бұл жөнінде пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде былай делінген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға рамазан айында пітір садақасын беруді парыз етті». Пітір садақасының мөлшері жыл сайын шариғат бекіткен азық-түліктердің бағасына байланысты өзгеріп тұрады.