• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жәдігер 19 Сәуір, 2024

Қола дәуірінің қолтаңбасы

242 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында туған жерін тазалап жүрген жастар үлкен олжаға кенелді. Жаңатас қаласының жастары шамамен 3,5-4 мың жыл бұрын тасқа қашап салынған таңбалы жартас тауып алды. Дерекке сенсек, тарихи мұрадағы петроглифтер қола дәуірі адамдарының қолтаңбасы екен.

Ерте көктемде жерге төселген қызыл кілемдей гүлдерімен көз­дің жауын алатын Ақтоғай сайы­ның табиғатына тамсанбайтын­дар кемде-кем. Қаратаудың қыр гүлі құлпырған бұл жерін жасы егде азаматтар ықылым заман­дағы адамдардың мекені дегенді жиі айтады. Солай екеніне тағы бір мәрте көз жетті.

«Мұндағы ерекше жазу көз­ге оттай басылды. Тарихшы бол­маған соң, арнайы маманды ша­қыруға тура келді. Нәтижесінде, жартастағы жазу көне тарихтан сыр шертіп тұрғанын біліп, қуанып қалдық», дейді еріктілердің бірі Асылжан Пазылбеков.

Қола дәуірінде ғұмыр кешкен адамдар танымындағы дүниені тасқа түсіріп, өмір сүру салтын жар­­тасқа қашап қалдырған екен. Жартас бетіндегі бейнеден түр­лі жануардың келбетін аңғар­ған­дай күй кешесің. Ашық аспан астын­дағы құндылықтар жиналған аумақта жүзден астам петроглиф бар деседі.

«Қаратау жотасы – еліміздегі киелі аймақтардың бірі ретінде белгілі. Тарихи-географиялық маңызы зор өңірде мыңжылдық­тардан сыр шертетін құнды­лық­тар аз емес. Енді бұл маңайды ғалымдар арнайы зерттегені абзал. Зерттеу жұ­мыстарының нәтижесіне сәйкес өңірді туристік бағыт­тардың қатарына қосуға мүмкіндік тууы ықтимал», дейді тарихшы-археолог Сауран Қалиев.

Көне тарихтан сыр шерт­­кен ескерткіштер қоры Бе­рік­қара мен Қаратаудың теріс­кейінде сирек те болса бар. Мұн­­дағы таңбалы тастарды ға­лым­дар адамзат тарихы үшін қа­жет­ті ғылыми жаңалыққа теліп отыр.

 

Жамбыл облысы