• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Өндіріс 04 Маусым, 2024

Ауыл шаруашылығына қажет құралдар шығарады

66 рет
көрсетілді

Бұл кәсіпорынды ірілердің қатарына жатқыза алмассыз, бірақ тірлігі өзгелерге үлгі етерліктей. Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Келес Пласт» ЖШС-ының қайта өңдеу цехы 2018 жылдан бері ауыл шаруашылығына қажетті пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өндіруге арналған стакан түрлерін шығарып келеді.

Жергілікті тұрғын Нұржан Омаров жетекшілік ететін кәсіпорында өндірілетін заттар шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сонымен қатар, былтыр тамшылатып суғаруға арналған заттар өндірісі де қолға алынған. Бұл жоба кәсіпкерлердің Қытай мемлекетіне сапары нәтижесінде жүзеге асқан. Тамшылатып суару технологиясын шығаратын кәсіпорынның жобалық қуаты – сағатына 12 мың метр. Жалпы құны – 100 млн теңге. Кәсіпорынды жеке кәсіпкер өз қара­жаты есебінен ашқан. Жиырма адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған цехта жұмысшылардың орташа жалақысы – 200 мың теңге.

Айта кетейік, цехта жарамсыз полиэтилен пленкалары, пластмассалар қайта өңделеді. Өткен жылдың қорытындысымен жалпы Келес ауданы бойынша 3 900 тонна қоқыс жинақталып, оның 741 тоннасы, яғни 19%-ы қайта өңдеуге бағытталды.

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімді терең өңдеуге, жергілікті тұрғындарды жұмыс­пен қамтуға бағытталған кәсіп­орын­дар көп. Олардың қатарын көбейте түсу мақсатында қол­ға алынған маңызды инвес­тициялық жобалардың инфра­құ­ры­лымына әкімдік тарапынан тұрақты қол­дау көрсетіліп жатыр. Мысалы, Со­зақ ауданын­да­ғы күкірт қыш­қы­лын өндіру зауыты және 2 кезеңнен тұратын уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы аяқталған соң 700-дей жұмыс орны ашылады. Шардара ауда­нынд­а жүгері дән­дерін терең өң­деу зауытын «Казкрахмал» ЖШС іске асырып жатыр. Жер­гі­лікті бюджеттен сыртқы ин­фра­­құрылымды жүргізуге 200 млн теңге бөлінді. Жоба толық іске қосылса, 500 жұмыс орны ашылмақ. «Beibars-Bottlers» ЖШС Түлкібас ауданында ауызсу және түрлі түсті сусын өндіру зауытын салып жатыр. Мұнда 96 адам жұмыспен қамтылады. Төлеби ауданында логис­тикалық орталық салу және жүк тасымалдарын ұйым­­­дастыру жобасын «Mono­t­rans» ЖШС жүзеге асыруда, ол жерде 190 адам жұмыс іс­тей­­тін болады. Ауданда биыл ашы­латын «Kazplast» ЖШС-ның тігін фабрикасы 150 адамды жұмыспен қамтиды. Кен­тау қа­ла­сында өнеркәсіпке арналған металл конструкциялары, металл бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы аяқталғанда 80 жұ­мыс орны ашылады. Түркістан қа­ла­сын­дағы «Turkistan» арна­йы эко­но­микалық аумағында поли­мер­лі құбырларды, пластмас­са­­дан жасалған бұйымдарды шы­ғаратын ірі-тораптық зауыт іске қосылса 80 жұмыс орны құры­лады.

Сауран ауданында қатты тұр­мыс­тық қалдықтарды қай­та өңдеу өндірістік кеше­нінің құрылысы аяқталып, пайда­ла­нуға беру актісін алу бойын­ша жұмыс жүргізіліп жатыр. Арыс қаласында теміржол ва­гондарын жөндеу жобасын іске қосу 2024 жылдың екінші жар­ты­жылдығында жос­пар­лан­ған. 50 жұмыс орны құрылады. Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 5 000 тонна жеміс өңдеу цехын «Түлкібас Жеміс Жидектері» АӨК іске асырады. Сайрам ауданында мақсары майын шығаратын зауыт, етті қайта өңдеу, мал сою цехы және бордақылау алаңы, арнайы техникаларды, шанақтарды құрастыру зауыты салынса, Қазы­ғұртта цемент зауытының құры­лысы жүріп жатыр.

Түркістан индустриалдық ай­ма­ғында орналасқан өндірістік ғима­раттар құрылысы аяқталып, толықтай іске қосылды. Аталған өндірістік ғимараттарда жиһаз және шұлық цехтары жоба­ла­ры жүзеге асырылған. Инвес­ти­циялық жобаларды арттыру мақсатында облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парктің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, көлемі 66 мың мың шаршы метр болатын, 30 гектар жерде ор­наласқан аймақта 42 ғимарат орналасады. Өндірістік парктің құны – 13 млрд теңге. Қосымша 70 гектар жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарланып отыр.

«Түркістан» әлеуметтік кә­сіп­­керлік корпорациясы бас­қарма төрағасы Файзулла Бай­дул­лаевтың баяндауынша, жұм­салған бюджеттік 1 теңгеге 7 теңге инвестиция тарту күтіліп отыр. Құрылыс 3 кезеңмен жүзеге асы­рылады. Бірінші кезеңге тартылатын инвестиция көлемі – 31 млрд теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйым­дастырылады. Әртүрлі кө­лем­­дегі өндірістік компания­ларды тарту арқылы олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйле­сімді өндірістік орта құру мақ­са­тын­да­ғы жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Облыс әкімдігінің мәліметіне қарағанда, алда тағы 32 ғимарат салынады. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі – 98 млрд теңге. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2 000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Оның аумағында «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологиясын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шыға­ра­тын кәсіпорын жұмысын бастады. Сондай-ақ «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған және медициналық жиһаздар шыға­рып жатыр. Мұнда украи­на­лық «UBC Group» компаниясы өнер­кәсіптік тоңазытқыш жасайды. Медициналық өнімдер, бөл­ме­ара­лық есіктер және тағы басқа өнімдерді шығаратын кә­сіп­­­орын­дар да жұмысын бас­таған.

Сондай-ақ өндірістік парк­терді аудандарда салу жоспар­лан­ған. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Бадам индустриалды аймағында инфрақұрылым тартылған 12 ғимарат салынбақ. Шұбар ауылы маңында да салу жоспарда бар. Сайрам ауда­нын­да­ғы өндірістік парк көлемі 90 гектардан асады.

 

Түркістан облысы