• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2024

Ауыр жүк көліктеріне жалпы пайдаланымдағы жолмен жүруге тыйым салынуы мүмкін

142 рет
көрсетілді

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің 2024 жылғы 12 маусымдағы пленарлық отырысында ауыр салмақты көлік құралдары жолдардың бұзылуына ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов депутаттарға автомобиль саласы аудитінің нәтижелерін ұсынды.

«Шұғыл шешімдерді талап ететін елеулі жүйелік кемшіліктер анықталды. Соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға шамамен 1,9 трлн теңге бөлінді. Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі небәрі 72% құрайды. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор - рұқсат етілген массасы бұзылған ауыр көліктердің өтуі. Бұл мәселе тасымалдау процесіне жекелеген қатысушылардың мүдделерін қолдау және мемлекеттік органдардың принципті ұстанымының болмауы себебінен көптеген жылдар бойы шешіліп келеді», деді ол.

Оның айтуынша, автоматтандырылған өлшеу стансалары анықтаған бұзушылықтар қате жазылады.

«Бізге жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне үзілді-кесілді тыйым салу және мемлекетке келтірілген залал үшін жауапкершілікті күшейту қажет», деп атап өтті Ә.Смайылов.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті