Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты биылғы жылдың 28 маусымы мен 30 маусымы аралығында жоғарыда аталған бөлім толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлау керек.
«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.