• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Шілде, 2024

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

214 рет
көрсетілді

Қазақстанның өкілі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай шешім бүгін Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды. Енді Нұрлан Ермекбаев 2025-2027 жылдар аралығында бас хатшы қызметін атқаратын болады.

Н.Ермекбаев ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарады, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырады. Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары.

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, төтенше және өкілетті елшісі, саяси ғылымдарының кандидаты. Ол 2018 жылғы 7 тамыздан 2021 жылғы 31 тамызға дейін Қорғаныс министрлігін басқарды, генерал-лейтенант әскери атағы бар.