• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2024

Қаныш қаласына әкім тағайындалды

327 рет
көрсетілді

Кеншілер қаласының әкімі болып Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы таныстырды.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы Қарсақбай кентінде дүниеге келген.

Ол 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Металлургия қара және түсті металлдар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқып, «Мемлекеттік менеджмент» магистрі атанған. Еңбек жолын 2011 жылы Нұрқазған байыту фабрикасында флотатор болып бастаған М. Бөрібаев кейін цех шебері, бастығы болды. 2015 жылы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры, 2017 жылдан бастап тағайындалғанға шейін Жезқазған байыту фабрикасының директоры қызметінде болды.«Кеншілер қаласына өндірістің қазанында қайнап, пісіп, жетілген азаматтың тағайындалғанын құптаймын. Мұрат Ерболатұлының руханиятқа жақын екенін де, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүргенін де жақсы білемін. Сондықтан, қасиетті Қаныш Имантайұлының есімін иеленген қалаға жаңа тұрпатты басшы келді деп сенемін», деді кен өндірісінің ардагері, қаланың Құрметті азаматы Мұса Тілеуов.