Елорда • 20 Шілде, 2024

Дүниежүзілік көшпелілер ойынын Димаш концерті қорытындылайды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойыны Димаштың концертімен жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік көшпелілер ойынын Димаш концерті қорытындылайды

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева Іnstagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында бөлісті. Ол барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.

- Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпелілер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар...
"Келеді барлық әлем Астанаға,
Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз! - деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.