• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2024

Атырауда суға батып кеткен екінші баланың мәйіті табылды

315 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 07:50 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін 20 шілдеде Жайық өзенінің бойындағы Көкарна ықшамауданы маңында 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары сол күні сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен 2011 жылы туған жасөспірімнің мәйітін алып шыққан.

Атырау облысы ТЖД  хабарлауынша, іздеу жұмыстарына жеке құрамның 15 адамы мен 5 су көлігі жұмылдырылған.

Оқиғаға байланысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Атырау облысында 2024 жылы суға түсу маусымы ашылмағанын хабарлады. Олар барлық облыс тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға, рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеуге шақырды.