• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Айбын 02 Тамыз, 2024

Әскерилер күш сынасты

55 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланның астаналық жедел бригадасының әскери қызметшілері Петропавл қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс жарысынан олжалы оралды. Белгілі спортшы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнирге алғаш рет әйел әскери қызметшілер де қатысты.

Екі күнге созылған қоян-қол­­тық ұрыста ерлермен қатар әскердің жеті құрамасынан кел­ген 19 әйел спортшы өнер көр­сетті. Әйелдер арасындағы жеке есепте 52 килоға дейінгі сал­мақ дәрежесінде қатардағы жауын­гер Әнел Стамбекова бірінші орынды иеленді. Ол бұған дейін де түрлі жа­рыстарда бақ сынап,  жеңімпаз атанған.

«Өзім спортқа жақынмын. Қазір жүзу мен қоян-қолтық сайыстарға шығып жүр­мін. Бұл жарыс мен үшін маңызды болды, еңбегімнің же­місін көріп отырмын. Әскери бөлім­нің спорттық ұжымына алғысым шексіз, біздің дайындық жа­сауымызға мүмкіндік беріп, әр­қашан қолдау көрсетеді. Қар­сы­ластарым да жоғары дайын­дықпен келіпті. Әсіресе Шығыс пен Оңтүстіктің қыздары мықты екен. Дегенмен намысқа тырысып, жеңіске жеттім»,  дейді жүл­де иесі ағынан жарылып.

Қоян-қолтық ұрыс әрбір әс­ке­ри қызметшіні даярлаудың не­гіз­гі элементтерінің бірі. Жақын шайқаста атыс немесе басқа қару түрлерін қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда әскери қыз­метші түрлі жауынгерлік және спорттық әдістерді қолдана білуі шарт. Әскери қолданбалы спорт түрінен алғаш рет бақ сы­нағандар арасында сержант Әйгерім Бекмырзаева мен кіші сержант Инабат Аманова да бар. Олар жарысқа дайындық кезінде спорттық қасиеттерін шың­дағанын айтады.

«Қыздардың дайындығы жо­ғары деңгейде болды. Солар­дың ішінен 5-орынға ілігу бізге оңай болған жоқ. Басында қор­қыныш, қобалжу болғанмен, қыздармен бір-екі жекпе-жек өт­кізгеннен кейін ширап алдық. Бізді жігерлендіріп, осы додаға ынталандырып алып барған же­текшіміз, майор Айымбек Қай­рақановқа алғысымыз шексіз», дейді қос ару.

Жекпе-жекте ерлер арасында 80 кило салмақта елордалық құраманың сарбазы, қатардағы Олжас Абдувалиев жеңіске жетті. Сондай-ақ Никита Щербаков ­57 кило салмақта, Құрбанжан ­Са­дықов 97 кило салмақта үшін­ші орынды елшіледі.

Жалпыкомандалық есептік көрсеткіште 5573 әскери бөлімі­нің құрамасы 5-орынға тұрақта­ды. Қатардағы Әнел Стамбекова, Құрбанжан Садықов пен Олжас Абдувалиев Ұлттық ұланның құрамасына қабылданды. Енді жа­уынгерлер 8 тамыз күні Тараз қаласында өтетін жекпе-жекте күш сынаспақ.