Абай ауданындағы Бородулиха ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, жалын қосалқы ғимаратты шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар ведомство аулада тұрған көліктің де өртенгенін хабарлады.
«Өрттің алдын ала ауданы 400 шаршы метр алаңды құрады. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды», делінген хабарламада.Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.