• RUB:
    5.27
  • USD:
    483.65
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 14:40

Қазақстанда алғаш рет жол құрылысы саласында PhD докторлары даярланады

43 рет
көрсетілді

«Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айта кетейік, жол саласының болашақ ғалымдары алғаш рет мемлекеттік білім беру гранттары есебінен дайындалады. Байқау қорытындысы бойынша 10 адам осы бағыт бойынша докторантураға түскен.

Еске сала кетейік, бұрын жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді. 2023 жылы Көлік құрылысында алғашқы екі PhD пайда болған.

Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «ҚазжолҒЗИ» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі мәселелерінің бірін шешу үшін биыл «Көлік құрылысы» бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға 10 грант бөлінген.