• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Таным Кеше

Ғалам ғажаптары: Ерекше қызметкер

63 рет
көрсетілді

«Google» компаниясының Mountain View штаб-ғимаратында ерекше қызметкер бар. Ол шөп шабады. Бірақ айлық алмайды. Жұмысын ерекше жақсы көреді.

Компания шөп шабу үшін 200-ге жуық ешкі асырап алған деседі. Бұл шөп шабатын машиналарға деген қажеттілікті азайтады. Қатты шу шығаратын, ауаны лас­тайтын машиналарды пайдаланудың орнына, компания ешкіні таңдаған. Аумақты ұқыпты ұстаудың экологиялық таза тәсілі көпті таңдандырды.

 

Коперниктің компасы

Польшада жерасты туннелінен Николай Коперниктің компасы мен циркулі табылды. XVI ға­сыр­ға тиесілі олжалар Фромборк қа­ласының шіркеу бақтарында 500 жыл көмулі жатқан.

Коперник өмірінің көп бөлігін Фромборкте өткізді әрі біраз уақыт Фром­борк соборының діни қызметкері болды. «Бұл тұжырымның тарихи маңызы зор, өйткені компас – Ко­пер­никтің практикалық ғылыми жұмы­сының тікелей дәлелдерінің бірі», дейді Фромборк мұрасын зерттейтін Михал Антчак.

 

Тесланың таксиі

«Tesla» робот-такси шығарды. Тұсаукесер «Warner Bros» студиясында өтеді.

Бастапқыда «robo-taxi» презентациясы тамыз айына жоспарланған болатын. Дизайнға өзгерістер енгізу үшін кейінге қалдырылды. Көлік туралы әзірге мәлімет аз. Жаңалық «Cybertrack»-ке ұқсас болады деген болжам бар. Бірақ руль мен педаль жоқ. Жеткізу қызметінің құны әлі айтылмады. Бір білеріміз, адамдарды робот таситын болады.