• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 06 Қыркүйек, 2024

Алаяқтық жолмен кәсіпкерден 50 млн теңге иеленген азамат сотталды

96 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы ұялы телефонға қол жеткізе отырып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырған. Кейін су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.Нәтижесінде бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылған.Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.