• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 30 Қыркүйек, 2024

Есірткі тасымалдаған Қазақстан азаматы Грузияда жасырынып жүрген

80 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» байламдары табылған», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.