• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қазан, 2024

Оралда есірткі қабылдаған жүргізуші полицейлерге шабуыл жасаған

81 рет
көрсетілді

Орал қаласында 6 қазан күні патрульдік полиция есірткі қабылдаған Toyota Crown Majesta автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік иесінің 5 қазан күні жол апатына себепкер болып, оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды. 

«Құжаттарды тексеру барысында 22 жастағы жүргізуші мен 16 жастағы жолаушы қарсылық көрсетті. Жүргізуші қашып кетуге тырысқан, ал ұстау кезінде олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Екі құқық бұзушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, әкімшілік іс қозғалған.