• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

Қостанай тұрғыны Telegram арқылы заңсыз вейп сатқан

124 рет
көрсетілді

Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысының аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын аяқтаған.

«Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған. Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған.Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Сот кінәлі тұлғаға пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.