• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2024

Есірткі зертханасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

122 рет
көрсетілді

Ерейментау қаласындағы жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қылмыстық топ Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген. Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.

«Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеген.

Нәтижесінде, ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.