• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2024

Алматыда есірткі заттарын жарнамалаған екі азамат ұсталды

109 рет
көрсетілді

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, «50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы» деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілген.Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі «Телеграм» - арнаға сілтеме жасалады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға шақырып, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керек екенін ескертеді.