• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Қазан, 2024

Ақтөбеде мектеп есепшісі қомақты қаражатты иемденген

127 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары№48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу нәтижесінде прокурорлар орта мектеп есепшісінің 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырғанын анықтаған.

«Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланған.

«Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Одан бөлек 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.