Елордада екі күннен бері Оқу-ағарту министрлігі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы және «El Umiti» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен республикалық «Егемендігім – елдігім» тақырыбында «Қола домбыра - 2024» айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айтысқа 20 өңірден 22 ақын келіп қатысты. 2-кезеңге 8 ақын іріктеліп шықты.
Жеңімпазға ақшалай сыйлық пен қола домбыра сыйға тартылады. Сонымен қатар лайық деп танылған екі өнерпаз желтоқсанда өтетін «Алтын домбыра» айтысының шымылдығын өлеңмен ашып беретін болады.