• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қараша, 2024

Қазақстан мен Ресей шекара мәселесін талқылады

565 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркация комиссиясының 143-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті.

Айта кетейік, комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.