Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мектептерінің оқушылары екінші ауысымда қашықтықтан оқытуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2024 жылғы 7 қараша күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кешеден бері Астанада қарлы боран соғып, қолайсыз ауа-райы сақталып тұр.