• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Айбын Бүгін, 08:25

Елге қорған егіздер

50 рет
көрсетілді

Бүгінде байтақ еліміздің әрбір өңірінен келген жастар Отан алдындағы жауапкершілікті сезініп, азаматтық борыштарын адал атқарып жүр. Солардың бірі – биыл ІІМ Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөліміне шақырылған егіз сарбаз.

Ағайынды Әсембек пен Әлембек сарбаз атанып, сапқа тұрғанын мақтан етеді. Әсембек өмірге өз сыңарынан 10 минут ерте келген. Жарық дүниеге өзінен бірер минут қана кейін келген бауырына әрдайым қамқор­лық көрсетіп, үлгі болып келеді. Болашақ сарбаздар Қарағандыдағы №45 гимназияда білім алып, кейін Астана қаласындағы Индустриал­ды техникалық колледжіне оқуға түседі. Әсембек көлік слесары, ал Әлембек токарь мамандығын таң­­дайды. Егіздер оқумен бірге спортты да қатар алып жүреді. Мәсе­лен, Әсембек кикбокспен, ал Әлем­бек ММА-мен айналысқан. Жасы он сегізге келген күні екеуі де әс­кери қызметке өз еркімен келіп, Отан­ға адал қызмет етуді мақсат тұт­қан еді. Бүгінде егіз ұлдар Ұлт­тық ұлан қатарында елдің тыныш­тығын қор­ғап, қауіпсіздігін қор­ғауда қыра­ғылық танытып келеді.

Әскери бөлімшеде Әсембек пен Әлембектен басқа, Қостанай об­лысынан келген Нұрсұлтан мен Ерсұлтан атты ағайындылар да бар екен. Олар да әскер қатарын­да қызмет етуді зор мақтаныш деп біледі. Екеуі де Ы.Алтынсарин атындағы мектептен түлеп шығып, Индустриалдық педагогикалық кол­леджінде білім алады. Оқуды сәт­ті аяқтаған соң тыныштық сақ­шысы атанып, ел қауіпсіздігін қор­ғауға өздері сұранып келген.

– Қаралы қаңтардан кейін әс­­керге баруды жөн санадық. Басын­да ата-анамыздың қарсы болғаны рас. Бірақ әкеміз бен ағамыз таңдауымызды қолдап, батасын берді. Біздің мақсат – Отанымызды қорғау және азаматтық борышымызды атқарып, үлкен абыроймен үйге оралу. Ата-анамыздың, елдің мақтанышы болуды армандаймыз, дейді ағайынды сарбаздар.

Мерзімді қызметін өтеуге бар ынта-жігерімен келген ағайын­дылар туған жердің тыныштығын сақ­тау жолында бір-біріне қол­дау көрсетіп, кедергілерді бірге еңсе­руге серт берген. Өздері айтпақ­шы, ұлтжандылықтың үлгісі болып, ел болашағына қалтқысыз қызмет ету, болашақ ұрпақтың алаңсыз ұйқысы үшін үлес қосудан асқан бақыт жоқ.