Оқиға 10 Ақпан, 2025

Қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылған

238 рет
көрсетілді

Самарқандтың Корасов ауданындағы қоқыс полигоны маңынан денесінде көптеген жарақаттары бар киімсіз шақалақтың мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алған, деп жазады Egemen.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің дамуы қалыпты болған, сәбидің кіндігі кесілмеген.

Сол жерде бейнебақылау камералары болмағанымен тақау маңда тұрғын үйлер орналасқан екен.

Мамандар нәресте медициналық бақылаусыз, үй жағдайында дүниеге келген  деп болжам жасап, полицейлер мен дәрігерлер сол ауданда тұратын 500 жүкті әйелмен байланысқа шыққан, сол орайда пәтер жалдап тұратындар да күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.