Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Fly Arystan әуе компаниясы мен Алматы халықаралық әуежайына қатысты екі бөлек тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Монополияға қарсы орган жүргізген мониторинг нәтижесінде, Fly Arystan әуе компаниясының билет бағасын жасанды түрде көтергені туралы заң бұзушылық белгілері анықталған.
Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайы қызмет көрсетуші компанияларды таңдау кезінде әділетсіздікке жол берді деген күдікке ілінген. Бұған дейін Агенттік әуежай әкімшілігіне ескерту жасаған, алайда ол орындалмаған.
Агенттік екі іске де қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Егер заң бұзушылықтар дәлелденсе, заңға сәйкес шаралар қолданылатыны хабарланды.