• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2010

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰЛЫҚТАЛУЫ ТИІС

918 рет
көрсетілді

Ұлттық дәстүр, ұлттық сипат. Ұлттық дегеніміз не? Сипаты қандай? Ұлттықтың бір сипаты тегінде ұлттық тағамда жатса керек. Ас адамның арқауы, дейді атам қазақ. “Арпа, бидай ас екен, алтын-күміс тас екен” деп, асты өте жоғары бағалаудың жолын ғана емес, оны дәмді етіп әзірлеудің жөн-жосығын да жақсы білген. Өзге ел қазақта дастар­қаны кең, жа­ны жомарт халық ретінде тани­ты­нына бұл сөзіміздің бір дәлелі. Иә, атам қазақ кімді болса да пиғы­­лына қарамай, “астан үлкен емессің” деп дастар­қанға шақыр­ған. Жалпы, ұлты­мыздың мәде­ниетінде дастар­қан – экономика­лық, дипломатия­лық пен сондай-ақ тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ықы­лым заманнан-ақ аңызға айналған. Ал бүгінде ше? Осы аңызға лайық дастарқаны­мыз­ды ұлттық тағам­дармен жайна­тып жүрміз бе дегенге келсек, бүгінде тағам мәзірімізде өзге ұлт өкілдері­нің тағамдары басымдық екендігі де шындық. Осы орайда, қазақтың брендіне лайық қазы-қарта, бауыр­сақ, қымыз, шұ­бат және басқа да сүт өнімдері бүгінгі күннің тала­бына сай етіп жан­дандыру, оны да­мы­тып, елге таны­мал етумен айна­лысу мақ­сатын­да Жастар ұйы­мы құрылуда. Бұл орайда жақында ғана көпші­ліктің шымбайына батқан осынау мәселені көтеріп, Астанада­ғы “Тіл және мәдениет” қоғам­дық ұйымы қазақтың ұлттық тағам­дарын наси­хаттау мен жетілдіру мақсатында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлт­тық университетінде шара өткіз­генін айтуға болады. Оған әлеу­меттік ғылымдар факуль­тетінің деканы, тарих ғылымдары­ның док­торы Зиябек Қабылдинов, медици­на ғылымдарының док­торы, про­фессор, АҚШ медицинасының ака­демигі Ерболат Дәленов, “Тіл және мәдениет” қоғамының төраға­сы Әнуарбек Ералы, Рахат Икібаев, қоғам мүшелері мен шара­ға қызығу­шылық танытқан сту­дент­тер қатыс­ты. Ұлттық тағамдар­ды жаңғырту идеясын көтеріп жүрген Рахат Икібаевтың айтуын­ша, бүгінде оның қолдау алуында мемлекеттің көме­гінсіз жүзеге асуы қиын. Өйт­кені, кәдімгі өзіміз сүйіп жейтін етті, дайындауға кететін қамырдың 1 кг-ы 450 теңге тұрады. Ал етті мо­лы­рақ асу үшін қанша қаражат кететінін “ішіңіз біледі”. Алайда, бәсе­­кеге қабілеттілікті дамы­ту­ды анық­­тайтын фактордың бірі қол­жетімді баға емес пе, дейді ол. Рахат Икібаевтың ұлттық тағам­дар­ды дәріп­теуге деген ынта-ықыла­сы барлығымыздың көкейі­мізде. Деген­мен, болашақта үйімізде ғана емес, ұлттық тағамымызды шетелге шипа­сы­мен, дәмді­лігімен, пайда­лы­­лығы­мен таңқалдырғанға не жетсін, шіркін! Венера ТҮГЕЛБАЙ, “Егемен Қазақстан”.