Реформа • Бүгін, 12:55

Партиялардың барлығы және ондаған қоғамдық бірлестіктер конституциялық реформа бойынша өз ұсыныстарын берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар мен қоғамнан түскен пікірлер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Партиялардың барлығы және ондаған қоғамдық бірлестіктер конституциялық реформа бойынша өз ұсыныстарын берді

Отырыста Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы баяндап, Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі кең екенін атап өтті. Оның айтуынша, бастамалар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және өкілді органның рөлін арттыруға бағытталған.

Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді. Олардың сөзінше, өңірлерде өткен депутаттардың жұмыс кездесулерінде азаматтар алдағы саяси реформаларға ерекше қызығушылық танытып, белсенді пікір білдіріп отыр.

Конституциялық реформа: 1,6 мыңнан астам ұсыныс түсті

Сондай-ақ жиында Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Никита Шаталов, сондай-ақ саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов өз көзқарастарын ортаға салды.

Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады

Қатысушылардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, заң шығару үдерісінің сапасын арттыруға және қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайтуға серпін береді.

Парламент қалай өзгереді? Президент Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Соңғы жаңалықтар