• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Якутияда қайық аударылып, 4 адам жоғалып кетті

Ресейдің Якутия аймағындағы Алдан өзенінде қайық аударылып, 4 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы республиканың құтқару қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайықта бес адам болған. Олардың біреуі өздігінен жағаға шығып үлгерген. Қалған 4 адамның тағдыры әзірге белгісіз.

Атырауда екі қайық соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Оқиға Угоян елді мекенінен өзен ағысымен шамамен 25 шақырым жоғары жерде болған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастаған. Қазіргі уақытта аударылған қайықтың ішінде болуы мүмкін заттар табылған.

Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды

Айта кетейік, Италия мен Түркия маңында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады. Еуропаға жетуге талпынған мигранттардың сапары тағы да адам шығынымен аяқталды. Ливия мен Ауғанстаннан шыққан ондаған адам көз жұмды, бірнешеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар