• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Елімізде жас журналистерге арналған цифрлық платформа іске қосылды

Елімізде балаларға арналған ұлттық контентті дамытуға баса мән беріліп келеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған, 96 жылдық тарихы бар республикалық «Ұлан» газеті ulandigital.kz цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

    Жаңа сайт оқушыларға материал оқумен қатар, контент әзірлеуге де мүмкіндік береді. «Хат жазамын» бөлімі арқылы жас авторлар өз мақалаларын, өлеңдерін және басқа да шығармашылық жұмыстарын редакцияға бірнеше минут ішінде жолдай алады. Ай сайын белсенді қатысушылар арасынан үздік тілші анықталып отырады. Балалар контенті: Талаптыны таныту жолы Платформада балаларға журналистиканың негіздерін жеңіл тілмен түсіндіретін медиа мектеп те бар. Онда балалар ақпаратпен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп, материал әзірлеу және кәсіби этика негіздерімен танысады. Ал «Ержеттім… Бойжеттім…» айдары жасөспірімдермен ашық әрі сенімді байланыс орнатуға арналып, мұнда редакция әр жазбаны жеке қарайды, әрі жолданған хаттар жарияланбайды. Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды Платформа толықтай қазақ тілінде әзірленіп, балаларға арналған қауіпсіз цифрлық орта ретінде жұмыс істейді. Сайтта сыртқы жарнама орналастырылмаған. Пайдаланушылар редакция туралы ақпаратпен танысып, тікелей байланыс орната алады, сондай-ақ газеттің баспа және PDF нұсқасына жазылуға болады.
Соңғы жаңалықтар