Ақтөбеде 1 шілдеден бастап еңбек демалысына шыққан педагогтер демалыс ақыларының кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мұғалімдердің айтуынша, оларға қазіргі уақытта төлем жасауға қаражаттың жоқ екені хабарланған. Олар демалыс ақысы заңмен кепілдендірілген төлем екенін, ал оның уақытында берілмеуі еңбек демалысын қаржылық белгісіздік кезеңіне айналдыратынын айтты.
Мемлекет басшысы педагог мәртебесіне қатысты заңға қол қойды
Өңірлік білім басқармасы «Диапазон» басылымына бұл жағдайдың уақытша екенін жеткізген. Ведомствоның мәліметінше, педагогтермен толық есеп айырысу 10 шілдеге дейін аяқталады.
Педагогтер мен студенттер әскери жиындарға шақырылмайды
Ақтөбе облысы мұғалімдеріне төленуі тиіс демалыс ақыларының жалпы көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды.