• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Қазақстанда 10 шілдеде +42 градусқа дейін аптап ыстық, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі

10 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік облыстарда ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Аптап ыстық Алматы, Астана, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Қостанай және өзге де қалаларды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар