• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Алматыда электрсамокаттардың жылдамдығын арттыру туралы петиция жарияланды

Алматыда электрсамокаттардың рұқсат етілген жылдамдық шегін қайта қарауды талап ететін петиция жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Петиция авторларының пікірінше, қазіргі 10–15 км/сағ жылдамдық шектеуі қала жағдайына сәйкес келмейді. Олардың айтуынша, Алматының жер бедері еңісті болғандықтан, мұндай жылдамдықпен самокаттар биікке көтерілгенде қуатын жоғалтып, ыңғайлы көлік құралы болудан қалады.

Енді электросамокаттарға тіркеу нөмірі беріледі

Құжатта веложолақтарда электрсамокаттардың ең жоғары жылдамдығын 25 км/сағ, ал қала көшелерінде 15–20 км/сағ деңгейінде белгілеу ұсынылған.

Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады

Ал мектеп, аурухана, балабақша маңы мен саябақтарда қолданыстағы 10 км/сағ жылдамдық шектеуін сақтау ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар