VietJet Qazaqstan әуе компаниясы Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігіне байланысты 9-20 шілде аралығында Астана - Омбы - Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды: билет құнын, соның ішінде трансферлік бағыттарды қоса алғанда, толық көлемде қайтару немесе 14 шілдеден бастап мүмкін болатын Петропавл арқылы балама бағытты пайдалану.
Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды
Жаңа бағыт бойынша жолаушылар алдымен Астанадан Петропавлға ұшақпен жетеді. Одан әрі Омбыға дейін әуе компаниясы ұйымдастыратын автобуспен жеткізіледі.