Бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы алғашқы ойын өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Кездесу АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Жеңімпаз команда жартылай финалда Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесудің үздігімен доп тебеді.
Плей-офф кезеңінде Франция құрамасы Швецияны (3:0) және Парагвайды (1:0) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ал Марокко құрамасы Нидерландыны негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Кейін 1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен ітізе бүктірді.
Айта кетейік, Франция мен Марокко құрамалары 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында да кездескен болатын. Ол ойында Франция 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.