• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Сыр аймағында серпіліс бар

479 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бі­­рінші орынбасары Өмірзақ Шө­кеев жұмыс сапарымен Қы­зылорда облысында болып қайт­ты. Оның сапары Сырдария өзе­ні бойында су тасқынынан сақ­тандыру шаралары, яғни дария жиектеріне бөгет салу жо­бал­а­­рымен танысудан басталды. Ағ­ымдағы жылы төтенше жа­ғ­дай­ларды болдырмау мақсатында об­лыстық бюджеттен 592,7 млн. теңге қаржы қаралып, өзен бойындағы дамбыларды жөн­деу, көпірлер қауіпсіздігін сақтау ша­ралары жүргізілді. Облыс әкімі Б.Қуан­дықов Ө.Шөкеевті Сыр аймағында атқарылып жат­қан жұ­мыстар мен алдағы міндеттерден хабардар етті. Мұнан соң Ө.Шөкеев “Батыс Еуропа-Батыс Қытай ” авто-кө­лік жолы құрылысымен егжей-тег­­жейлі танысты. Бұл жол Сыр ай­мағының 811,7 шақырымын қам­тиды. Бүгінде ғасырлық құр­ылыс­тың сапалы салынуына 18 ас­фальт зауыты, 7 битум зауыты, 1990 жол құрылысы техникалары жұмыла кіріскен. Бұл құрылысқа 15519 адам жұмысқа тар­тылса, соның ба­сым бөлігі жер­гілікті тұрғындар. Бү­гінгі күніне 119 шақырым айнал­ма жол салынса, 115 шақырымына жер асфальт тө­сеу­ге әзірленген. Осы­ның 36 ша­қы­рымына төменгі қабаттарына ас­фальт төселсе, 83 ша­қырымына жоғарғы қабаттары төселген. Премьер-Ми­нистр­дің бі­рінші орынбасары “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожол құрылы­сының сапасын қатаң бақылау қажеттігін қадап айтты. Ө.Шөкеев жұмыс сапары мұ­нан әрі Ақжарма ауылындағы кү­­­­­­­ріш орағымен танысумен жал­­ғасты. Мұндағы “Мағжан және К” ЖШС 3300 гектар жерге Сыр салысын еккен. Бү­­гін­де осынша жердің 2751 гектарына орақ тү­сіп, әр гекта­ры­­нан 55 цент­нер­ден өнім жиналуда. Биылғы жылы әр гектардан алы­нып жат­қан өнім өткен жылдар­дағыдан 5 центнерге артық. – Ағымдағы жылы Сыр ай­мағында күріш өнімі өткен жыл­дардағыдан әлдеқайда жоғары болмақ, – деді облыс әкімі Б.Қу­андықов, – мұның басты не­гізі егістік жерлер су тапшы­лы­ғын сезінген жоқ. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Сыр диқанда­рының ересен еңбектеріне өз ризашы­лығын жеткізіп, егістік жерлерді тегістеу, аяқ суды үнемдеп пай­да­ланып, әрбір ауылға жеткізуге ба­са назар аудару қажеттігін айтты. Ө.Шөкеев жұмыс сапарының келесі кезегінде Қызылорда қа­ласындағы темір жол үстінен өте­тін көпір құрылысымен та­нысты. Ұзындығы 887 метрді ала­тын темір жол құрылысының жобалық құны 1,642 млрд. теңге тұрады. Бұл темір жол көпірі Қызылорда қаласының батыс ай­мағындағы 50 мыңнан аса тұр­ғын­дардың қала орталығына ке­дергісіз қатынауларына барынша жағдай жасамақ. Жұмыс сапары барысында Сыр­­­дария өзені бөгеттері және ас­тық өнімдерін сақтайтын “Ал­тын қамба” қоймасымен таныс­қ­ан Ө.Шө­кеев Сыр аймағында атқары­лып жатқан серпінді іс­терге оң баға беріп, Үкіметтің үде­­мелі индус­триялық-инно­ва­ция­лық бағ­­дар­ламасын орын­дауға баса назар ау­дару қажет­тігін атап көрсетті. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы.