• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Зауыт қалдықты қажетке жаратады

611 рет
көрсетілді

Өзгеріс өлшемі – өндіріс Тұрмыс қажетіне пайда­ла­на­тын заттардан шығатын қал­дық­тардың қоршаған ортаға зиянын тигізетіні анық. Осы олқы­лық­тың орнын толтыру жайлы ға­лым­дар бас қатырғалы қашан. Десек те дамыған мемлекеттер бұл мәселенің түбегейлі шешімін тауып, өзгелерге үлгі болған еді. Өркениетке бет бұрған еліміздегі жаңашыл бастамаға үн қосқан “Технопарк-2030” компаниялар тобы кәдімгі тұрмыстық техни­ка­лық қалдықтарды қайта өң­деу­ден өткізіп, арзан әрі сапалы құрылыс материалдарын шы­ғаруд­ағы бастамашылдықтарын танытты. Елімізде қанат жайған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында “Тех­нопарк-2030” компаниялар то­бына қалдықтарды қажетке жарату үшін жарты млрд. теңгеге жуық қар­жы салынып, жұмыстың тия­нағы келтірілген. Аталған зауыт Еңбекшіқазақ ауданының Сай­ма­сай ауылында ашылған­дық­тан, елді мекен халқын жұ­мыспен қам­тып отырғаны да қуа­нышты. Қо­қысты қайта өндейтін зауыт елі­міздің барлық аймағын­дағы құры­лыс алаңдарына сапа­лы, арзан құ­рылысқа қажетті ма­териал дайын­дайтындар қатары­нан саналады. Мәселен, зауыт өндірген өнімді “Азиада-2011” нысандары пай­да­ланып, сұра­ныс­ты өсіре түскен. Негізінен өнімдер желісінде ре­зеңке ұн­тақтар мен одан алына­тын жол­дар мен жүгіру жолақ­та­рына ар­нал­ған арнайы төсеніштер де кез­деседі. Ал мұндағы ағашты қабат құрылысқа пайдаланы­латын ағаш өнімдерін толық ауыстыра алатынымен де ерекшеленеді. Әрі ыстық пен суыққа төзімді. Жалпы, компанияның инно­ва­циялық даму бағыты жағдайға бейімділігімен де ерекшеленеді. Нәтижесінде өндірісті компью­тер­­лендірумен қатар, қай­та­рымы ж­оғары еңбек өнімділігінің қа­лыптасқанын айтқан жөн. Ұжымға жастарды тарту, арнайы оқытудан өткізуге ден қойылған. Уақыт өткен сайын білікті ма­ман­дар қатары өсіп келеді. Зауыт­та қо­қыс­ты қайта өңдеу ар­қылы өн­ді­рілген құрылыс мате­риалдары тұтынушыға 20 жылға дейін қыз­мет ететінін ескерсек, арзан тауар­ға деген сұраныс өсу­де. Резеңке ұнтақтар мен төсе­ніш­терді шығару үшін автокө­ліктің пайдалану мер­зімі өткен шиналары пайдалан­ылу­да. Осы­лайша зауыт ұжымы жыл сайын 300 мыңнан астам резеңке дөңгелектерді қайта өңдеуден өт­кізіп, тұтынушы игілігіне асыра­ды. Экологиялық жағынан қауіп­сіз өнім дайын­дайтын кәсіп­орында еңбек өнім­ділігі уақыт өткен сайын жандана түскен. Қоршаған ортадағы зиянды қалдықтармен күресіп, жаңаға бет бұрған компания енді Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында осындай тағы бір зауыт­тың тұсауын кесіп, іске қо­суды жоспарлауда. Осы­лайша алға қойған мақсаттарына жол ашып, тұтынушыға арзан өнім ұсынумен де жұмыстарын жүйелей түскен. Айналаны әсем табиғатқа жат қоқыстардан тазартатын мұн­дай зауыттар қатары өскен сайын оның ел экономикасына тигізетін пайдасы да зор болмақ. Отандық өндірістің тиімділігі ерекше екенін дәлелдеген олар өз мүмкіндіктерін еселеуде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.