Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
А.Есімов Президентті Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.
Әңгімелесу барысында қаланың спорттық нысандарының алдағы 2011 жылғы 7-Қысқы Азия ойындарына дайындық барысы туралы сөз болды.
* * *
ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғұсман Кәрімұлы Әмірин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.