• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2010

Оқшаулағыштардағы олқылықтар

441 рет
көрсетілді

Бас прокуратура жүргізген тексерулер нәтижесінде ғимараттардың бекітілген талаптар мен нормативтерге, қамауға алынғандарды ұстаудың ең төменгі стандартты ережелеріне сай келмеуі, санитарлық-эпидемиологиялық норма­лар­дың сақталмауы салдарынан ішкі істер орган­дарының бірқатар уақытша ұстау изолятор­ларының қызметі тоқтатылды. Прокуратураның ұсынысы негізінде арнайы экономикалық соттың шешімі бойынша анық­талған бұрмалаушылықтарды жойғанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының уақытша ұстау оқшаулағышының қызметі тоқтатылды. Қазіргі уақытта  Кентау, Түркістан қалалары, Төле би және Шардара аудандары ішкі істер бөлімдерінің уақытша ұстау изоляторларының қызметін тоқтату туралы прокуратураның талап-арыздары сотта қарастырылуда. Қостанай облысының прокуратурасы да Алтынсарин, Қамысты, Федоров және Таран аудандары ішкі істер бөлімдерінің уақытша ұстау оқшаулағыштарының қызметін тоқтатқан. ІІМ Әкімшілік полициясы комитетіндегі уақытша ұстау изоляторларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау заңдылығына тексеру жүргізу барысында да заң бұзушылықтар, ведомстволық бұйрықтардың қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмеу деректері анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша Бас проку­ратура алдын-ала ұстау орындарының қызметін реттейтін Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына үш наразылық енгізді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.