• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2010

Әкімнің балалармен ашық сабағы

462 рет
көрсетілді

“Әкімі ақынын іздеген жұрт бақытты”  деп жатады. Ал, әкім ба­ла­ларды іздесе ше? Жақында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұбайымен Сайрам­да­ғы №4 балалар үйіне арнайы келді. Ашық сабақ өткізді. Облыс­тың ең үлкен басшысы алдарына келіп, ағынан ақтарылып отырған соң, балалар да өздерін еркін се­зін­ген. Сұрақ көп, жауапқа көңілдері тоқ. Облыс басшысының отбасының атынан әкелген сыйлықтары да оларды қуантқан. Балалар үйінің директоры Х.Әбдіқадірова өзі басшы болған жиырма жеті жыл ішінде облыс әкімінің бірінші рет осында келіп, ашық сабақ өткізгенін айтады. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.