Өскеменнің бір түкпірінде орналасқан Защита шағын ауданы тұрғындары қала әкімі Ислам Әбішевпен кездесуінде өздері демалатын орындардың аз екенін, ұзақ жылдардан бері бір кітапханаға зәру екенін айтып, өтініш-талаптарын білдірген еді. Енді жақын арада жаңа кітапхана іске қосылмақ.
Косарев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 300 шаршы метріне ие болған қалалық мәдениет бөлімі оның ішінен кітапхана жасақтамақ. Қазір жөндеу жұмыстарын “Нұрлы құрылыс” фирмасы жүргізіп жатыр. Қажетті мөлшерде кітап, басқа да қажетті заттарды қала әкімі тауып бермек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.