• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2010

Сіз не дейсіз?

463 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙДЫ Жаз — қат-қабат шаруаға толы. Солардың қатарында қыс маусымына дайындық ерекше ма­ңызды десек, Талдықорған қаласы тұрғындарының қыраулы қыс айларындағы қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жылыту маусымына дайындық айтарлықтай жүргізілді. Соны­мен қатар, шаһар көп қабатты жаңа тұрғын үйлермен толықса, биылдың өзінде Елбасының зи­ят­керлік мектебі мен жаңа Спорт сарайы ел игілігіне айналды. Де­мек, бас қуат жылыту қазан­ды­ғына түсетін салмақ едәуір. Кей­бір сәуегейлер алдағы қыстың тым қатал болатынын да бол­жап қойыпты. Десек те, бары жөн­делгенімен, оның қуаты ос­ыншама салмақты көтере ме, пә­терлерде қалыпты темпера­ту­ра сақтала ма деген сауал көл­денеңдейді. “Егемен Қазақстан” газетінің Алматы облысындағы тілшісі Күмісжан Байжан осы мәселе жайлы Талдықорған қаласының әкімі Сәкен Жылқайдаровқа: — Сіз бұған не дейсіз? — Сұрағыңыз орынды. Қала­лықтардың күз-қыс айларында жылы пәтерде жайлы тіршілік кешуіне бар мүмкіндік жұмыл­ды­рылды. Ағымдағы жылы қыстан қысылмау үшін қалаға 1 млрд 800 млн теңге көлемінде қаржы бө­лініп, қазандықтарды, құбыр­лар­ды жөндеу мен істен шыққа­нын ауыстыруға, техника сатып алуға, отын қорын дайындауға мүм­кіндік туды. Атқарылған жұ­мыс арнайы тексеруден өткізіліп, рейд жүргізілді. Жұмыс сапасына ден қойылғанын айтқан жөн. Жылыту жүйесінің 4,3 шақы­рымына күрделі жөндеу жүргі­зіл­ді. Сондай-ақ қаладағы әлеу­мет­тік нысандарды жылытуға 23,5 мың тонна сұйық отын қоры жи­нақталды. Тұрғындардың өтіні­ші­не орай шаһардағы тұрғын үй­л­ер жөндеуден өтті. Тағы бір айта кететін жәйт – “Талдықорғанжылусервис” мем­лекеттік мекемесіне қажетті қар­жы толық бөлінсе, 544 млн тең­ге­ге ширек ғасырдан астам жер ас­тында жатып, шіріген құбыр­лар ауыстырылып, басқа да жұ­мыстардың тиянағы келтірілді. Жылытуға белгіленген баға 2007-2009 жылдар аралығында көте­ріл­меді. Әр шаршы метрге бері­летін жылу құны 26,53 теңге бол­са, енді ғана 31,25 теңгені құрап отыр. Баға сәл өскенімен, өзге өң­ір­лермен салыстырғанда жы­лы­ту құны екі есеге төмен. Есеп бой­ынша, жылу қуатын өн­ді­ру­дің бір шаршы метрге шаққа­н­­­дағы құны 71 теңгені құрайды. Де­мек, тұтынушы жайы ескеріл­­­г­ен. Бұл – қала халқының игілігі үшін жасалған қамқорлық. Бір сөз­бен айтқанда, талдықорған­дық­­тар қыста жылы үйде тұрмыс кешеді деуге толық негіз бар. Алматы облысы.