• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2010

Стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі басты назарда

527 рет
көрсетілді

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі өтіп, онда еліміздегі стратегиялық нысандардың қау­іпсіздігі мен өмірлік қамтамасыз ету нысандарының жағдайы мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев баяндама жасады. Мемлекет басшысы отырыс­қа қатысушылардың назарын өн­еркәсіп пен өрт қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша нақты ша­ралар қабылдау, алдын алу іс-шараларын жүргізу, осы са­лада­ғы нормативтік базаны же­тіл­­діру қажеттігі жайына аударды. Президент Қауіпсіздік Ке­ңе­сі Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдіруді қарасты­ра­тын таяуда жарық көрген Жар­лық­тарға сәйкес, құқық қорғау орган­да­рының қызметін үйлес­­тіру және бақылау функциясын, соның ішін­де, стратегиялық ны­сандардың қау­­іпсіздігін қам­та­масыз ету бө­лігін орындауы қажеттігін атап көрсетті. Содан кейін мемлекет пен даму институттары қатысатын қорлар­дың қызметіне, Қазақ­стан эко­но­микасын нығайтуға, банк секторын тұрақтандыруды қолдауға, әлеу­мет­тік міндеттерді шешуге бағытталған мемле­кет­тік қаражатты пайда­ла­­ну­­­ға байланысты мәселелер қаралды. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарма төр­ағасы Қ.Келімбетов өз ба­ян­дамасын осы тақырыпқа арнады. Мемлекеттің қатысуымен құрылған жекелеген қорларға жүр­гізілген тексерістің қоры­тын­дысы туралы Респуб­ли­калық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коми­тетінің төрағасы О.Өксікбаев мәлімдеді. Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Н.Ә.Назарба­­­ев, тал­қылауды қорыта келе, мемлекет қорларға, холдинг­тер мен даму инс­титуттарына өте үлкен қар­жы бөлгенін, сон­дықтан осы ұй­ымдардың қыз­метінің тиімді­лі­гіне мони­то­ринг жүргізуді және бақы­лау жасауды қамтамасыз ету қа­жеттігін ерекше атап көрсетті. Аталған мәселені талқы­лау­дың қорытындысы бойын­ша Мемлекет басшысы Үкі­мет­ке, сот, құқық қорғау және өзге мүдделі мемлекеттік ор­ган­дарға алдыға қойылған мін­деттерді іске асыру жө­нін­­дегі қажетті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекет бас­шы­сы тапсыр­маның орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеңесінің Хат­­шылығына жүктеді.